Экс-әкім Болат Бақауовтың ісі сотқа жетті

24.kz
Іс Павлодар қаласының №2 сотында қаралады.

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды zakon.kz.

Сот залында жарияланған шешімде Бақауовқа "қызмет бабын асыра пайдаланды" деген айып тағылған. Басты сот процесі 27 мамырда сағат 10-ға жоспарланған.

Сотталушыға қатысты таңдалған алдын-алу шарасы сақталады. Іс жүргізу тілі - орыс тілі, делінген құжатта.

Іс Павлодар қаласының №2 сотында қаралады.

Биыл 15 қаңтарда ҚР ҰҚК қызметкерлері Болат Бақауовты ұстады деген ақпарат пайда болды. Оның үстінен облыстың жоғары лауазымды шенеунігі арызданғаны айтылды. 17 қаңтарда Бақауов "өзіне сеніп тапсырылған қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен екі айға қамауға алынды. Ал 21 қаңтарда ол қызметінен түсті. Бір айдан кейін, 19 ақпанда, бұрынғы әкім үй қамауына алынды. Бұлтартпау шарасын өзгерту себептерінің бірі бұрынғы шенеуніктің денсаулығының нашарлауы болды. Іс Бас прокурордың бақылауында.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі