Елдегі жабық жүйе классикалық кризиске түсті

видеодан кадр
Полицияның беделі одан сайын түсті дей беріңіз.

Қазір ҚР Ішкі істер министрлігінің төңірегінде орын алған оқиғалар – жабық жүйелерде жиі болып тұратын классикалық дағдарыс, дейді Шаталканал авторы.

Олар өліп бара жатса да өздерін жаман етіп көрсетпейді. Содан ғой, бірдеңе бүлдірген полицей қашан қарасаңыз, біраз уақыт бұрын (тіпті бір секунд бұрын болса да) жұмыстан шығарылған болып тұрады.

Мына соңғы жағдай бірақ қиын болып тұр. Мас күйде мәшинесіне мініп алған полицей өз әріптестерін өлтірді. Азаматтық қоғам болса, бұл істе ештеңені жасырмай, ашығын айтуды талап етуде.

BMW мініп, мас күйде көлікпен екі адамды өлтірген кісінің полицей екенін басында жасырып қалды. Теріске шығарып, құтылып кетпек болды. Сосын әлгінің полицей екенін мойындағандай болғанымен, тәртібі үшін жұмыстан шығарылғанын айтып ақталды. Ал "Нұр Отан" партиясының "Азаттық Рухы" дейтін сайты оның жұмыста ешқандай да сөгіс алмағанын жазып жіберді. Жұмыстан шығуына ешқандай тәртіптік шара себеп болмаған.

Шындық шамамен мынадай: әлгі жүргізуші полицияда екі жылдай уақыт жұмыс істеген. Оның кім екенін министрлік бірден жариялауы тиіс еді. Полицияның беделі одан сайын түсті дей беріңіз. Өз арасындағы сұмырай өкілдерін қорғаштайтын жүйеге халықтың сенуі мүмкін емес.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда полиция 170 мыңнан астам үй мен пәтерді тексерді: себебі мен нәтижесі белгілі болды

Тоқаев "Атлетико Мадрид" клубының бас директорын қабылдады

Ақмола облысында көлік жылқы үйірімен соқтығысты

-6°C: 23 қазанда еліміздің бес өңірінде қар жауып, күн суытатыны болжанады

"Қар, көктайғақ, тұман": Жұмада еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды