Америкалық шериф қару-жарағын, киімін шешіп, бейбіт шерушілер қатарына қосылды

видеодан алынды
Шериф Флипт Тауншиптің тұрғындарымен бірге африкалық америкалықты өлтірген полицияның қатыгездігіне қарсы ұрандады.

Мичиган штаты, Генрих округінің шерифі Крис Свансон бейбіт наразылыққа шығушылардың қатарына қосылды, деп хабарлайды zakon.kz CNN-ге сілтеме жасап.

"Біз сіздермен бірге болғымыз келеді, сондықтан каскамызды шешіп, полиция таяғын тастаймыз. Мен жаппай тәртіпсіздіктерге емес, бейбіт шеруге қосылғым келеді", - деді Свансон шерушілерге.

Шериф Флипт Тауншиптің тұрғындарымен бірге африкалық америкалықты өлтірген полицияның қатыгездігіне қарсы ұрандады.

Біз көшемен наразалық шеруін білдіріп, жүріп өттік. Ешқандай шығын мен басбұзар әрекеттер болған жоқ, ешкім ұсталмады және ешкім жарақат алмады. Шеру деген дәл осылай болу керек, - деді шериф.

Бұған дейін полиция қызметкері Facebook арқылы әріптестерін бейбіт наразылық акциясына қатысуға шақырған болатын.

Африкалық америкалық Джордж Флойд полицияның қолынан қаза тапқаннан кейін АҚШ-тың Миннеаполис және басқа да бірнеше қалада жаппай тәртіпсіздіктер басталды. Интернетте куәгерлер түсірген Флойдты қамауға алу кезіндегі видео пайда болды. Кадрда полицейлердің бірі Джордждың қолына кісен тағып, тізесімен мойнын тұқырғаны көрсетілген. Ер адам одан тізесін алып тастауды өтінді және бірнеше рет дем ала алмайтынын айтты. Ол жагн сақтау бөлімінде қайтыс болды.

Наразылық басталғаннан кейін төрт полиция қызметкері жұмыстан босатылды, олардың біреуі абайсызда кісі өлтірді деп айыпталуда.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қызылордада Ыбырай Жақаев әулетінің 9 келіні референдумда бір мезетте дауыс берді

15 наурызда қайда және қалай дауыс беруге болады: Алматыдағы референдум бойынша толық нұсқаулық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумда дауыс берді

Халаттағы қыз және робот-ит: Астанадағы дауыс беру учаскесіндегі ерекше оқиға

Референдум-2026: қазақстандықтар ЖСН арқылы өз сайлау учаскесін қалай таба алады