Біртанов карантин кезіндегі митингі туралы: Біз бұған үзілді-кесілді қарсымыз

Pixabay
Денсаулық сақтау министрі мұндай жағдайда инфекцияның өршуі мүмкін екенін айтты.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов карантин кезеңіндегі митингілерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, пандемия кезінде жаппай шаралар өткізуге тыйым салынады.

- Бұл халық үшін қауіпті. Заң талаптарын орындау қажет. Пандемия кезінде бас санитарлық дәрігердің шешімі міндетті болып табылады. Оларды бұзғаны үшін әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін. Сондықтан мен митингі ұйымдастырушыларды індеттің беті қайтқанша күте тұруға шақырамын, - деді министр.

Министр мұндай жағдайда инфекцияның өршуі мүмкін екенін айтты.

Сондықтан біз оған үзілді-кесілді қарсымыз. Барлығы заңда жазылған талаптарды қатаң сақтауы керек, - деді ол.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты