"Қырғызстан-Қазақстан шекарасындағы жағдай өте қиын" деп мәлімдеді бейсенбіде "Ақтілек-Автодорожный" өткізу бекетінде болған Қырғыз Республикасының премьер-министрінің орынбасары Еркін Асырандиев, деп хабарлайды zakon.kz.
Қазақстан шекарасында қиындықтар бар. Жағдай өткен жылдан бастап ушыққан, соңғы апталарда жағдай тіптен күрделене түсті, - деді Асырандиев.
Оның айтуынша, қырғыз-қазақ шекарасында бірнеше күн бойына 300-400-дей көлік тұрып қалған.
Қазақстаннан Қырғызстанға қарай шекарадан көліктердің өткізу тәртібімен жекелей таныстым. Ол арада төлқұжат тексеріледі, одан әрі бақылау үшін медицина қызметкерлері анкета алады, вирустың бар-жоғын анықтау үшін анализ алады, содан кейін көлік жүргізушілері Қырғызстан территориясында тест нәтижелерін күтеді. Бізден шығу тәртібі де онша қиын емес. Бірақ қазақстандық тарапты бұл іс өте баяу жүріп жатыр - деді вице-премьер.
Асырандиевтің пайымдауынша, қырғыз-қазақ шекарасындағы жағдай одақтас мемлекеттердің келісімдеріне қайшы келеді.
Өкінішке орай, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ішкі шекараларындағы жағдай күрделі. Сыртқы шекараларға қарағанда да әлдеқайда күрделі. Өткен жылдан бастап біз жағдайды тосқауыл ретінде қарастыратындықтан, оны реттеу үшін ЕАЭО шеңберіндегі кеңеске жүгіндік. Бұл біздің одақтағы келісімдерге қайшы келеді, - деді ол.
Қырғыз басылымының жазуынша, Қазақстанға кіру былтырғы мамыр айының соңынан бастап қиындаған. 35 градустық ыстықта көлік жүргізушілер тауарларын қалай сақтауды білмей, әбден мазасызданған, өйткені кейбіреулерінің тауары тез бүлінеді. Ондағы көлік кептелісі 10 шақырымға дейін созылған.