ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов еліміздегі екпенің міндетті емес екенін тағы бір мәрте еске салды, деп хабарлайды zakon.kz.
Біртанов Facebook-та мынандай мазмұнда жазба жариялады:
Тағы бір рет екпе туралы шындықа құлақ түрулеріңізді сұраймын.
1) Адамды вакцинациялау дегеніміз - жеке профилактикалық медициналық қызмет, ол қолданыстағы кодекске және жаңа кодекстің жобасына сәйкес кез-келген азаматқа сол адамның немесе оның заңды өкілінің (баланың ата-анасының) келісімімен ғана салынады.
Кез келген адам (ата-ана) одан бас тартуға құқылы.
Бұл мәжбүрлеп жасалатын шара емес.
2) Сонымен бірге, халық арасында жаппай екпе жүргізу - бұл халықты эпидемиялық инфекциялардан қорғаудың ғылыми негізделген және дәлелденген жалғыз әдісі. Демек, бұл кез-келген мемлекет үшін, кез-келген халық үшін міндетті. Бұл - денсаулығымызды сақтаудың міндетті шарасы.
3) Егер вакцинация міндетті емес болса, перзентханалар мен емханалардағы дәрігерлерге оны салу да міндетті болмайды. Ондай жағдайда бұл вакциналарды сатып алудың да қажеті болмайды. Ондайда жылына 4 миллионнан астам жаңа туған бала мемлекеттің есебінен полиомиелит, туберкулез, сіреспе, қызамық, көкжөтел, гепатит, пневмония және басқа инфекцияларға қарсы тегін екпе салудан босатылады.