ХҚКО қызметін енді SMS арқылы алуға болады - Жұмағалиев

ПМ
Сонымен қатар ЭЦҚ компьютерге емес, қорғалған серверде сақталады және оны пайдалану үшін бейнеидентификациядан өту керек - министр.

Қазақстанда ЭЦҚ-ның балама жаңа түрі пайда болады. Бұл туралы ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев халыққа есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлады zakon.kz.

Министрліктің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі қолданыстағы электронды цифрлық қолтаңбадан (ЭЦҚ) жаңа "бұлтты" ЭЦҚ-ның басты айырмашылығы – оны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама (NCALayer) орнатудың қажеті жоқ. Сонымен қатар ЭЦҚ компьютерге емес, қорғалған серверде сақталады және оны пайдалану үшін бейнеидентификациядан өту керек.

"Азаматтар үнемі ЭЦҚ-ға қатысты көп сұрақ қоятын. Біріншіден, ЭЦҚ-ны алу үшін ХҚКО-ға бару кейбіреулерге қиындық тудырса, енді біреулеріне ЭЦҚ-ны пайдалану үшін компьютерге қосымша бағдарлама орнату қажеттігі ұнамады. Осыдан бірнеше ай бұрын біз ЭЦҚ-ны қашықтан алу процесін іске қостық. Ал қазір NCALayer орнатуды қажет етпейтін баламалы электрондық цифрлық қолтаңбаны әзірлеумен айналысудамыз", - деді Жұмағалиев.

Оның айтуынша, қызмет көрсетудің проактивті форматында мемлекеттің өзі азаматқа қажетті қызметті алуды ұсынатынады. Бұл жағдайда адамға ешқайда барудың қажеті жоқ, керісінше телефонға келіп түскен SMS-ке жауап берсе болғаны.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Алматы мен Талдықорғанда қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі

Елді мекендердің бас жоспарларын бекіту қағидаларына өзгерістер енгізілді

"Йогуртпен ғана тамақтандырған": әйел 1,5 жастағы қызын аштан өлтірді

"Заң мен Тәртіп" қағидаты ұлтымыздың рухы мен дүниетанымына толық сай келеді – Тоқаев