Алматы мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады

elorda.info
Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Ағымдағы жылдың 9 маусымында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының еліміздегі мешіттерде жамағатпен намаз оқуға рұқсат етілетіндігі туралы мәлімдемесі жарияланған болатын, деп хабарлайды zakon.kz.

Алайда Алматы қаласында Алматы қаласында коронавирустық инфекциямен ауырғандар санының көбеюіне байланысты қала мешіттерінде жамағатпен намаз оқуға шектеу қойылады.

ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің сөзінше, енді тек жекелей діни рәсімдерді өткізу мен құлшылық жасауға және атрибутикаларды сату рұқсат етіледі.

Бұған қоса діни ғимараттағы жамағаттың саны 30 адамнан (бір уақытта) аспауы керек. Бұл талаптар ислам дінінен басқа барлық діни бірлестіктерге де қатысты.

Өз кезегінде, діни ғимараттарға келуші жамағаттан қойылған шектеулерге түсіністікпен қарауды және барлық санитариялық талаптарды сақтауды сұраймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Қазақтың алғашқы әйел дәрігері Аққағаз Досжанова туралы не білеміз

Қазақстан үкімет отырысын өткізудің жаңа форматына көшті