Мамин отырған тікұшақ Жамбыл облысында әуеайлағынан тыс алаңға мәжбүрлі түрде қонды

zakon.kz.
Орын алған авиациялық оқиғаның салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ, әуе кемесіне зақым келмеген.

2020 жылғы 12 маусымда ҚР Премьер-Министрі Аскар Мамин бастаған үкіметтік делегация Жамбыл облысына жұмыс сапарымен барып қайтты, онда өңірді әлеуметтік-экономикалық дамытудың мемлекеттік бағдарламаларының іске асырылу барысын тексерді, деп хабарлайды zakon.kz.

Премьер-Министрмен бірге Жамбыл облысының әкімі, сондай-ақ бірқатар бейінді министрліктің басшылары болды.

Өңірге жұмыс сапары барысында делегация Қордай ‒ Тараз бағыты бойынша "Қазавиақұтқару" АҚ тиесілі №UP-MI705 тіркелген Ми-171 тікұшағымен ұшты.

Алдын ала деректер бойынша, тікұшақтың негізгі гидрожүйесінің істен шығуына байланысты оны Тараз қаласынан шамамен 180 шақырым қашықтықтағы Тасөткел кенті аумағында, әуеайлағынан тыс алаңға мәжбүрлі түрде қондырды.

Орын алған авиациялық оқиғаның салдарынан жолаушылар мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ, әуе кемесіне зақым келмеген.

Айта кеткен жөн, тікұшақ бортында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов болған жоқ.

ҚР Үкіметінің басшысы өзінің жұмыс кестесіне сәйкес әрі қарай резервтік тікұшақпен ұшты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі