Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы Елбасының тез арада сауығын тіледі

Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы
Шетелдегі қандастарымыз Тұңғыш Президентімізге қолдау білдіруде.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Төрағасының бірінші орынбасары Зауытбек Тұрысбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тез арада сауығып кетуіне тілектес екенін білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Елбасы Дүниежүзі қазақтары қауымдастығын басқарып, қандастарға деген қамқорлық саясатыңыздың нәтижесінде шешім тауып жатқан мәселелер де, жасалып жатқан тиімділіктер де аз емес. Шетелдегі қандастар мәселесін назардан ешқашан қағыс қалдырмай, отанға әкелудің ұтымды жолдарын қарастырумен келесіз, дед басталады бұл тілек.

Шетелдегі қандастарымыз Тұңғыш Президентімізге қолдау білдіруде. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының қызметшілері Елбасына тез арада сауығуды тілейді.

- Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы, Тарихтың ең қиын әрі күрделі кезеңінде Сіздің мемлекет келешегіне жауапкершілік алғаныңыз Қазақстан үшін тағдыршешті оқиға болды. Сіздің мол тәжірибеңіз, саяси даналығыңыз және терең біліміңіз, рухыңыздың күштілігімен бізді шабыттандырасыз. Сіздің даналығыңыз бен көрегенділігіңіз ертеңгі күнімізге сенім береді.

Біз сізбен қашан да біргеміз! - делінген мәтінде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты