Мәскеуге ұшып барса да Қырғыз президенті Жеңіс парадына қатыса алмады

president.kg
Өйткені Қырғыз президентімен Мәскеуге еріп барған делегаттардың екеуінен коронавирус анықталды.

Қырғыз Республикасы Президенті Сооронбай Жээнбеков өзімен Мәскеуге еріп барған қырғыз делегациясындағы адамдардың екеуінен коронавирус табылуына байланысты Жеңіс парадына қатыспады, деп хабарлайды zakon.kz.

- Алгоритмге сәйкес, Президент Сооронбай Жээнбеков және оның жанындағы делегация мүшелері Мәскеуге келгеннен кейін коронавирусқа байланысты тексеруден өтті. Делегация құрамындағы екі адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлады Қырғыз Республикасы Президентінің баспасөз қызметі.

Алгоритмге сәйкес, Жээнбеков Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шараға да қатысудан бас тартуды жөн деп шешті.

Бүгін, 24 маусымда Мәскеуде Жеңіс парады өтіп жатыр. Оған Беларусь, Өзбекстан, Босния және Герцеговина, Молдова, Тәжікстан, Сербия, Оңтүстік Осетия, Абхазия президенттері қатысуда. Қырғызстан Президенті де Владимир Путиннің шақыруын қабыл алып, 23 маусымда Ресей астанасына ұшып келді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Қазақстандағы орташа жалақы 460 мың теңгеден асты

Қызылорда облысында екі ірі есірткі алқабы анықталды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің функциялары кеңейді

Толыққанды жаңа инвестициялық кезеңді бастау керек – Тоқаев