Атырау облысында коронавирустан 16 адам қайтыс болған

Shutterstock
Пандемия басталғаннан бері өңірде КВИ жұқтырған 1 540 науқас тіркелген.

Бүгінгі күнге дейін Атырау облысында коронавирус ауруынан 16 адам қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлнафис Таңбаева мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Кеше көңілге қаяу түсіретін жаңа жағдайлар тіркелді. Бір күнде COVID-19 ауруы белгілері бар 65 науқас ауруханаға түсті, оның 49-ы облыс орталығында анықталған, - деді ол.

Оның айтуынша, пандемия басталғаннан бері өңірде КВИ жұқтырған 1 540 науқас тіркелген, олардың 1 052-і - Теңіз кеніші жұмысшылары. 1 141 науқас емделіп, жазылды, олардың ішінде 968 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары.

Қазіргі уақытта жұқпалы аурулар ауруханасында 194 науқас емделіп жатыр, олардың көпшілігінің жағдайы орташа және ауыр, ал екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағаланады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі