30 маусымда бірқатар қалалардың жабылатындығы туралы хабар тарап кетті - Үкімет түсінік берді

Pixabay
Айта кету керек, бұл мәтін ВАК-тың өткен демалыс күндері - 20 және 21 маусымда енгізілген қосымша шектеу шаралары туралы шешіміне толықтай сәйкес келеді.

Мессенджерлерде карантиндік шектеу шаралары күшейтілетіндігі және Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларының жабылатындығы туралы хабар тарап жатыр, деп хабарлайды zakon.kz.

Ват-сап желісіне келіп түскен хабарлама мәтінінде 30 маусымнан бастап "белгісіз мерзімге" дейін карантиндік шаралар күшейтілетіндігі айтылады. Оның үстіне, мәтінде Үкіметтегі Ведомствоаралық комиссияның шешіміне сілтеме жасалған.

Айта кету керек, бұл мәтін ВАК-тың өткен демалыс күндері - 20 және 21 маусымда енгізілген қосымша шектеу шаралары туралы шешіміне толықтай сәйкес келеді.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі бұл хабарламаны жоққа шығарды.

- Әлеуметтік желілерде ведомствааралық комиссия мақұлдаған қосымша шектеу шараларын енгізу туралы хабарлама тарауда. Хабарламадағы мәлімет жалған және шындыққа сәйкес келмейді. Ресми ақпарат көздеріне сенім білдірулеріңізді сұраймыз, - деп мәлімдеді Үкіметтің баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі