Моңғолияда адамды бір күнде өлтіретін бубон обасы тарай бастады

inalmaty.kz
Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру.

Коронавирус пандемиясымен сәтті күресіп келген Моңғолия енді бубон обасының таралуына байланысты карантинге жабылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Елдің батысындағы Ховд аймағының екі сомонында белгісіз мерзімге карантин енгізілді.

Бұл жақта суыр етін жеген моңғолдар жұқпалы кеселге тап болған. Жергілікті тұрғындардың бірі қайтыс болып, бір жас қыз ауыр жағдайда жатыр.

Бойжеткен 60 адаммен тікелей қатынаста болып, 400-дей адамммен жанама қатынаста болған болуы мүмкін, деді елдің Ұлттық зоонозды жұқпалы аурулар орталығы.


2019 жылдың көктемінде Моңғолияда суыр етін шикідей жеген отбасылық жұп бубон обасынан қайтыс болған.

Бубон обасы – суыр сияқты жабайы кеміргіш жануарлардың бойындағы бүргеден жұғатын бактериалды ауру.

ДДСҰ дерегінше, бұл ауру дер кезінде ем жасалмаған жағдайда ересек адамды 24 сағаттың ішінде өлтіре алады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты