Атырау Астраханнан келетін дәрігерлерді күтіп алуға дайын

24tv.ua
Астрахандық дәрігерлермен күнделікті келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Атырау Астраханнан келетін дәрігерлерді күтіп алуға дайын, деп хабарлайды zakon.kz Атырау облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Қабдықапаровтың сөзінше, Атырау облысында медициналық мамандардың жетіспейтіні жылдар бойы шешілмей келе жатқан мәселе. Коронавирус пандемиясы кезінде бұл мәселе тіпті күшейген.

"Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов өткен аптада Астрахан облысының губернаторы Игорь Бабушкинмен медицина қызметкерін алдырту туралы келісімге келген болатын. Олардың жалақысы, жатын орны, тамақпен қамтамасыз етілуі, жүріп-тұру мәселелері толық шешілген, күтіп отырмыз", - деді Нұрлыбек Қабдықапаров.

Оның сөзінше, астрахандық дәрігерлермен күнделікті келіссөздер жүргізіліп жатыр. Олар да дайын. Тек Ресей Федерациясы Үкіметінің арнайы бұйрығы шығуы керек.

Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтан қаласынан Атырауға алты ресейлік дәрігер келген болатын. Сонымен қатар, биыл өңірге оқу бітіретін жүзден астам медициналық қызметкерлерді тарту мәселесі шешілген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды