Нұр-Сұлтан дәріханаларына коронавирусқа қарсы дәрілер жеткізілуде

Pixabay
Келген тауарлардың тізімінде шамамен 400 дәрі-дәрмек түрі бар.

Дистрибьюторлар дәрі-дәрмектерді қала дәріханаларына таратуды қолға алды, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі күн ішінде қалаға Covid-19, пневмония және басқа да ауруларды емдеуге арналған 1,200 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді.

Қазіргі уақытта дәрі-дәрмектер "Феникс", "Гиппократ", "Цветная", "Максима Фарм", "Частная", "Медилаб", "Салауат", "А-Фарма" және басқа да ірі дәріхана желілеріне бөлінуде. "Қазіргі уақытта клиенттерге дәрі-дәрмектер жөнелтіліп жатыр, кеше түні бойы дайындадық. Таңнан бері 5 газель машинасын жібердік, тағы екі көлікке дәрі-дәрмек тиелуде", – дейді "Inkar" ЖШС директоры Ақмарал Манауова.

"Бүгін "Гиппократтан" дәрі-дәрмек сатып алдым. Антибиотиктерден бастап, дәрігер жазып берген дәрінің бәрін алдым. Барлық дәрі-дәрмектер сатылымда тұр, келген адамның ешқайсысы бос қайтқан жоқ. Кезек көп емес, 5-6 адам ғана. Бұл да қуантады", – дейді елордалық зейнеткер.

Бұған дейін хабарлағандай, екі күн ішінде елордаға 1,2 млн-нан астам дәрі-дәрмек қаптамасы жеткізілді. Келген тауарлардың тізімінде шамамен 400 дәрі-дәрмек түрі бар, атап айтсақ: ксарелто, цефтриаксон, клексан, азитромицин, дексаметазон, метилпреднизолон, ибупрофен, нимесулид, кардиомагнил, левофлоксацин, метронидазол, гепарин, нимесулид, ибуфен, парацетамол, офлоксацин және басқалар.

Барлық дәрі-дәрмектер қала дәріханаларына бөлінуде.

Дәрі-дәрмектерді дәріханаларға жеткізу тұрақты түрде жүргізілетін болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленді

МӘМС реформасының жиынтық экономикалық әсері жүздеген миллиард теңгені құрайды

Қазақстанда МӘМС жарналарын төлеу және сақтандырылған тұлғаларды есепке алу қағидалары жаңартылды