Алматыдағы массаж салоны жезөкшелердің ордасы болып шықты

видеодан алынды
Бұл студияның қызметін Моңғолиядан келген екі әкімші бойжеткен дөңгелетіп отырған.

Алматыда массаж студиясында жасырын интимдік қызмет ұсынған притон анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл студияның қызметін Моңғолиядан келген екі әкімші бойжеткен дөңгелетіп отырған. Олардың “мұқият басшылығымен” 10 жеңіл жүрісті қыз интимдік кәсіппен айналысқан.

– Олардың жарнамаларында қызметі түрі - "боди массажы" деп көрсетліген. Сыртынан қарасаң қарапайым үш деңгейлі тұрғын үйге ұқсайды, ал, ішінде – жатын бөлмелері, сауна, бассейн және басқа да атрибуттары бар бөлек бөлмелер бар. Күшейтілген карантин күндері әйелдер өте мұқият болды: мұнда тек сенімді клиенттерді ғана кіргізген. Кеше түнде арнайы іс-шара өтті. Жұмыс қызу жүріп жатты. Барлығы 12 адам ұсталды, олардың үшеуі Моңғолияның тумалары, біреуі Тәжікстаннан, тағы біреуі Өзбекстаннан, қалғандары еліміздің басқа аймақтарынан келгендер. Айтпақшы, аталған мекеме қызметкерлері сол жерде орналасқан шағын жатақханада тұрады, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.

Интимдік сипаттағы массаж жасауға үй-жай ұсынғаны үшін ғимарат иесі ҚР ӘҚбК-нің 450-бабында көзделген құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, ҚР ӘҚбК-нің 425 бабы “Санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу” бойынша массаж салонының қызметкерлеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі