Елімізде карантин тәртібін сақтауға бақылау күшейтілді

primeminister.kz
Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуларға қатысты күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырмаларды жүктеді.

COVID-19 бойынша жедел штаб өңірлерде бақылауды күшейтуде, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Е. Тоғжановтың төрағалығымен өткен COVID-19 мәселелері жөніндегі жедел штабтың отырысында мемлекеттік органдардың коронавируспен күресуде атқарып жатқан жұмыстары тыңдалды.

Денсаулық сақтау министрлігі екі апта ішінде жедел шараларды қабылдау арқасында бірқатар оң нәтижелерге қол жеткізгенін мәлімдеді:

- COVID-19 жұқтырудың тәуліктік өсімі 4%-дан 2,3-ке дейін төмендеді;
- сауығып кеткендердің саны 60%-ға артты;
- жедел жәрдемді шақырулар саны 31%-ға, оның ішінде COVID бойынша шақырулар 19%-ға қысқарды;
- реанимациялық төсек-орын саны 12%-ға, стационарлардағы төсек-орын 81%-дан 56%-ға дейін төмендеді.

Сонымен қатар, жедел штаб Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдіктерінің жұмысы жеткіліксіз екенін атап өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-бен күрес бойынша өңірлер рейтингісінде осы облыстарда ең төмен көрсеткіштер тіркелген.

Сондай-ақ, Премьер-Министрдің орынбасары Солтүстік Қазақстан әкімдігіне қолданыстағы төсек-орын қорының жүктемесін азайту бойынша жедел шараларды қабылдауды тапсырды.

Ішкі істер министрлігі ағымдағы жылдың 5 шілдесінен бастап 4,3 мың карантинді бұзудың анықталғанын баяндады. Бұл ретте Павлодар, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында оларды анықтау бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі атап өтілді.

Жедел штаб азаматтардың санитарлық және бетперде режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударды.

"Біз өмірдің әр адам үшін қымбат екендігіне және қайталанбайтындығына баса назар аудара отырып, қоғамның сана-сезімі мен мінез-құлқын түбегейлі өзгертуіміз керек. Бізде әлі күнге дейін "маска көмектеспейді, кимесе де болады, пайдасы жоқ” деп ойлайтындар бар. Адамдар әлі күнге дейін фактілерді емес, өздерінің жаңсақ пікірлерін ғана басшылыққа алады. Вируспен күрес барлық қазақстандықтарды "ортақ мақсат сезімімен" біріктіруі тиіс, ал карантин режимін бұзғандарды қоғам өзі айыптауы керек. Осы жұмысты ұйымдастыру мемлекеттік органдардың міндеттерінің бірі", - деп атап өтті Е.Тоғжанов.

Қорытындылай келе, Е. Тоғжанов пандемия кезінде азаматтардың өзін-өзі ұстау ережелерін әзірлеуді, өңірлерде карантин режимін бұзуларға қатысты күнделікті рейдтер жүргізуді және бірқатар басқа да шұғыл тапсырмаларды жүктеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады