Қазір елде көпшілік онлайн сатып алудың тиімділігі мен ыңғайлығын түсініп, үйренуде. Әлбетте, бұл үрдіс одан әрі жалғасады, деді бүгін үкіметте электрондық сауда мәселелері бойынша баяндама жасаған ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды zakon.kz.
Оның сөзінше, COVID-19 пандемиясы онлайн сауданың айтарлықтай өсуіне алып келді. Қазақстанда 2 мыңнан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Алайда, салық жеңілдіктерін алу үшін табыс салығын төлеуден босатылған 601 интернет-дүкен тіркелген.
- "Қазпочта" АҚ мәліметіне сәйкес 2020 жылғы 1 жартыжылдықта электрондық сауда нарығының көлемі 435 млрд теңгені құрады. Бұл бөлшек сауданың жалпы көлемінің 9,4% құрайды. Ағымдағы жылдың соңына дейін 900 млрд теңгеге өсім болжануда. 2022 жылға қарай бұл көрсеткіш бөлшек сауданың жалпы көлемінің шамамен 13% құрай отырып, 1,9 трлн теңгеге жетеді. Карантин кезінде онлайн сауда мен төлем операцияларын жүргізудің ұлғаюы байқалды. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес 2020 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша елдегі қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 2,5 есеге ұлғайып, шамамен 7,5 трлн теңгені құрады. Бұрын қойылған міндет 2025 жылға қарай жалпы бөлшек саудадағы электрондық сауданың үлесін 10% дейін жеткізу болды. Алайда, карантиннің қазіргі жағдайында біз онлайн сатып алуларда елеулі өсімді байқап отырмыз, ол бізді ағымдағы жылы 2025 жылдың мақсатты көрсеткішіне жақындатты. Біз табанды саясат жүргізу арқылы электрондық сауданы дамыту қарқынын сақтау жөніндегі жұмысты жалғастырамыз. Осылайша, біз Сауданы дамытудың 2021-2025 мемлекеттік бағдарламасында көрсетілетін 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесінің нысаналы көрсеткішін 15%-ке дейін қайта қарауды бастадық, - деді ол.
Бірақ электрондық сауда үлесінің өсуіне қарамастан, елде әлі күнге дейін онлайн-желіге толық көшуге кедергілер бар. Бұл – көлеңкелі экономиканың жоғары үлесі, банкаралық төлемдер, эквайринг бойынша жоғары комиссия, шағын орта кәсіпорындардың дайын еместігі және тауарларды уақтылы жеткізе алмау сияқты проблемалар.
- Электрондық сауданың өсу қарқынын қолдау үшін нормативтік және техникалық қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіру қажет. Біріншіден, бастаушы және тәжірибелі кәсіпкерлерді интернет-платформаларда ілгерлету бойынша тікелей қолдау көрсетілді. Бүгін біз қазақстандық компанияларды Алибаба, Amazon, Яндекс, Озон, Shopify сияқты халықаралық онлайн сауда алаңдарына шығару бойынша елдік әріптестікті пысықтап жатырмыз. Мысалы, Alibaba платформасына "Алтын жеткізуші" ретінде 50 компания іріктелді. Бұл премиум мәртебесі жаһандық аудиторияға қол жеткізуді, маркетингтің ішінде кешенді ілгерлету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Екіншіден, пандемия жағдайында жедел қарқынмен дамып жатқан қазақстандық сандық сауда алаңдарын қолдауға бағытталған шаралар қабылдануда. Бүгінде нарықта 13 платформа жұмыс істейді. Kaspi, chocofamily, technodom, mechta және маркетингтік өнімдер мен қызметтердің 20 санатына ие тағы да басқа платфомалар. Мысалы, ұлттық көшбасшы kaspi дүкен тапсырыстарының сомасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2 есе өсті. Электрондық сауданы одан әрі дамыту мақсатында электрондық сауданы жүзеге асырудан түскен кірістер жылдық жиынтық табыстың кемінде 40%-ті құраған жағдайда, салық кодексіндегі жеке кәсіпкерлер үшін корпоративтік табыс салығы мен жеке табыс салығын төлеуден босату нормасы жөніндегі өзгерістерді қолдауды сұраймыз. Қолма-қол ақшасыз төлемдерді пайдалануды ынталандыру үшін Ұлттық банкпен бірлесіп банкаралық аударымдар комиссиясын төмендету, эквайринг мәселелерін пысықтау, сондай-ақ жаңа банктік емес төлем жүйелерін дамыту талап етіледі, - деді Сұлтанов.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы Заңның жаңа нормалары шеңберінде Министрлік "бір терезе" қағидаты бойынша тұтынушылардан шағымдарды қабылдаудың Бірыңғай платформасын іске қосуды көздейді. Ол тұтынушыға өз құқықтарын қорғауға, сондай-ақ білімін және бизнес мәдениетін онлайн режимде жетілдіруге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша маркетплейс тақырыбы Дүниежүзілік сауда ұйымының, Еуразиялық экономикалық одағы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының күн тәртібіндегі тренд болып табылады.
Бақыт Сұлтанов хабарлағандай, Халықаралық сауда орталығымен (ITC) бірлесіп "Ready4Trade Central Asia" ауқымды 4 жылдық жобасы іске асырылуда. Оның мақсаты Орталық Азияның бес елінің (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікстан) ішкі аймақтық және халықаралық саудасын дамытуды қолдау. Жоба электрондық сауданы дамыту жөніндегі компонентті қамтиды және цифрлық нарыққа шығу үшін шағын және орта бизнес әлеуетін арттыруға, сондай-ақ электрондық сауданы дамытуға ықпал ететін секторды нығайтуға бағытталған (логистиканы, IT-қызметтерінің электрондық төлемдерін қоса алғанда).
Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасында: сауданы дамытудың мониторингі мен талдауының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесін құру, электрондық сауда нарығының статистикалық есебін, талдамалық және маркетингтік зерттеулерін жетілдіру, электрондық платформаларды дамыту және кеңейту, фулфилмент орталықтарының желісін кеңейту, кәсіпкерлерді оқыту жөніндегі e-commerce орталықтарын ашу бойынша бірқатар шаралар көзделуде.
- Электрондық сауда саласындағы негізгі трендтерді байқағанымыздай, сандық криптоквалюталарды қолдану, омниканалды құралдарды дамыту, "уақытылы жеткізу" принципі бар роботтауды қолдану арқылы жеткізу және логистика, нақты болжау, терең талдау үшін үлкен деректерді пайдалану, қатысушыларға дербестендірілген қызметтерді қамтамасыз ету, транзакциялық комиссияларды азайту үшін блокчейн технологиясына трансшекаралық төлем жүйелеріне өту байқалуда. Жоғарыдағы трендтерді ескере отырып, біз электрондық коммерцияның барлық қатысушыларын қолдау үшін толыққанды архитектурасын қалыптастырамыз және Қазақстандағы B2B мен B2C сегменттеріндегі көлемдерді ұлғайтуға мүмкіндік береміз, деді ҚР Сауда және интеграция министрі.