Тоқаев коронавирус пен пневмония өлімге әкеліп соқтырып жатқанын қынжылыспен атап өтті

Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру.

Қазақстан Президенті Үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті деп мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бүкіл әлемде пандемия өршіп тұр. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр", деп жазды Президент Твиттерде.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы даңқты палуан, қоғам қайраткері Ж.Үшкемпіровтің қазасы туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағанын жазды.

"Осы дерттен қайтыс болған азаматтардың қазасы қабырғама батты. Коронавирус пен өкпе қабынуы салдарынан қайтыс болғандардың саны әлі де жоғары", делінген жазбада.

- Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес, деп жазды Президент.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: