Аягөздің шалғай ауылдарында электронды қызмет орталықтары ашылды

Жаңа мекеме аудан орталығынан өзге Ақтоғай кенті мен Ақши, Баршатас ауылында іске қосылған.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының шалғай ауылдарында электрондық қызмет көрсету орталықтары ашылды. Бұл жоба - "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы аясында жүзеге асып отыр, деп хабарлайды "Хабар-24".

Жаңа мекеме аудан орталығынан өзге Ақтоғай кенті мен Ақши, Баршатас ауылында іске қосылған. Мұнда әкімдіктің бос тұрған бөлмелері жөндеуден өтіп, арнайы құралдармен жабдықталды. Оған жергілікті бюджеттен бір жарым миллион теңге бөлінген. Енді 70 мыңнан астам тұрғын электронды үкімет порталы арқылы, барлық мемлекеттік қызмет түрін бір жерден алады.

Ерлан Жалмағамбет, ҚР СЖІҚА ШҚО бойынша департамент басшысы:

- Бұл біздің облыста бірінші орталық емес. Біздер бүкіл аудан орталықтары мен қалалардың бәрінде ашылған осындай қызмет көрсету орталықтары. Қазір өздеріңіз көріп отырғандай жұмысы жандандырылып бара жатыр. Бүгінгі күні мына халқымыз өздері барып, бүкіл кабинеттерді аралап жүретін, қазір тек бір жерге келіп, осы жерде қызметтерін алып, қабылдау бөлмесі ашылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: