Қазақстанда қандай азық-түлік түрлері көбірек өндіріледі - министр есебі

Сондай-ақ шұжық өнімдері өндірісінің 21,5%-ға, жарманың 11,8%-ға, макаронның 8,1%-ға, сары майдың 8%-ға, ұнның 6,5%-ға, өсімдік майының 4,9%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,7%-ға, ірімшік пен сүзбенің 1,9%-ға артқаны байқалады.

Биылғы 7 айдың қорытындысы бойынша жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,5%-ға ұлғайып, 1,7 трлн теңгені құрады.Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі туралы есеп берген Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Министр хабарлағандай, бұл өсім негізінен мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,6%-ға, оның ішінде тірі салмақтағы еттің 3,6%-ға, сүттің 3%-ға ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді.

"Облыстар бөлінісінде республикалық деңгейден жоғары қарқын Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында байқалды", делінген Үкіметтің ресми сайтындағы хабарламада.

6 айдың қорытындысы бойынша ірі қара мал саны 4,5%-ға, қой саны 2,5%-ға, жылқы саны 8,5%-ға, түйе саны 4%-ға, шошқа саны 0,7%-ға өсті.

"Бүгінгі таңда Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарында дәнді дақылдарды жаппай жинау жүргізіліп жатыр», — деді министр. Биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша 929,4 мың га немесе егіні жиналуы тиіс алқаптың 37,3%-ы жиналды. Орташа түсімділік гектарына 19,1 центнерді құрап, 1,8 млн тонна дәнді дақыл бастырылды (өткен жылы осындай күнге 1,4 млн тонна бастырылған болатын). Сонымен қатар, республиканың негізгі егін егуші өңірлері де жаңа егін көлемін жинауға кірісіп кетті (93,3 мың га немесе көрсетілген өңірлер алаңдарының 0,8%-ы жиналды). Солтүстік өңірлер жаппай егін жинауды 20 тамызға қарай бастайтын болады. «Соның нәтижесінде 7 айдың қорытындысы бойынша өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 2,1%-ға ұлғайып, 242 млрд теңгені құрады. Көрсетілген мерзімде азық-түлік өнімдері өндірісінің көлемі 4,1%-ға өсіп, 1 064 млрд теңгені құрады. Бұл ретте, өңделген күріш өндірісі 72 мың тоннадан 122,4 мың тоннаға дейін 70%-ға ұлғайды", — деді С. Омаров.

Сондай-ақ шұжық өнімдері өндірісінің 21,5%-ға, жарманың 11,8%-ға, макаронның 8,1%-ға, сары майдың 8%-ға, ұнның 6,5%-ға, өсімдік майының 4,9%-ға, қышқыл сүт өнімдерінің 4,7%-ға, ірімшік пен сүзбенің 1,9%-ға артқаны байқалады.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынған инвестициялар 13,5%-ға ұлғайып, 261,2 млрд теңгені, азық-түлік өнімдері өндірісіне салынған инвестициялар 13,8%-ға артып, 45,7 млрд теңгені құрады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: