Беларусьте мемлекеттік БАҚ журналистері өз еркімен жұмыстан шыға бастады

naviny.by
Бірқатар тележүргізушілер мен журналистер қызметінен бас тартып, мемлекеттік телеарналардан кетіп қалды.

Беларусьте жаппай наразалықтың төртінші күні аяқталды. Лукашенконың президент тағын босататын түрі жоқ. Халық енді жаңа сайлау өткізуді талап ете бастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Билік тарапынан демонстранттарға қарсы жасалып жатқан аяусыз зорлық-зомбылықты көріп, бұған шыдамаған бірқатар тележүргізушілер мен журналистер қызметінен бас тартып, мемлекеттік телеарналардан кетіп қалды.

Мәселен, соңғы күндері белоруссиялық СТВ (Столичное телевидение) жүргізушісі Татьяна Бородкина, Белорус радиосының Бірінші арнасы қызметкерлері Александр Шустер мен Татьяна Филипченко жұмыстан шығып кетті.

Беларусь телевизия жаңалықтары агенттігінің жүргізушісі Сергей Козлович те жұмыстан кеткенін хабарлады.

"Беларусь 1" телеарнасындағы "Доброе утро, Беларусь!" телешоуының жүргізушісі Вера Каретникова да арызын жазып, жұмыстан кетті.

ОНТ (Общенациональное телевидение) телеарнасынан жүргізушілер Евгений Перлин мен Ольга Богатыревич кетіп қалды.

Елдегі танымал деген "Арсенал" әскери телебағдарламасының жүргізушісі Владимир Бурко да жұмыстан кететіні туралы видеосын жариялады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Президенттің Жарлығы жарияланды – Қазақстан Халық Кеңесіне еліміздің 126 азаматы кірді