ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен селекторлық отырысында жұмыспен қамту шараларын іске асыру барысы қаралды. Еліміздегі қазіргі ахуал туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов баяндады, деп хабарлайды zakon.kz.
Еліміздегі барлық мемлекеттік бағдарламалардың әлеуетін ескере, ағымдағы жылы 1 млн 220 мың адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланған болатын. Бүгінге 743 мың адам сол шараларға тартылды. Оның ішінде "Еңбек" бағдарламасына қатысуға 379 мың адам ниет білдірді. Оларға шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 5 800 жеңілдетілген несие және 17 200 қайтарымсыз тегін грант берілді. Мемлекет тарапынан жалақысы субсидияланатын жұмыс орындарына 156 мың адам тартылды.
"Қысқа мерзімдік оқытумен кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға 34,5 мың адам қатысуда. Қыркүйек айында қосымша 20 мыңнан астам ҰБТ-дан өтпеген мектеп түлектері жұмысшы мамандықтар бойынша тегін техникалық кәсіптік оқуға жіберілетін болады. Жұмыспен қамту орталықтары ашық вакансияларға берген жолдамалары бойынша, 130 мың адамға жұмыс таба алды", — деділ министр.
"Еңбек" бағдарламасы бойынша 5 800 шағын несие алған қазақстандық қосымша 6 151 тұрақты жұмыс орнын ашты. Шығыс-Қазақстан, Қостанай облыстары және Шымкент қаласы жақсы көрсеткіштерге ие.
"17 мыңнан астам берілген гранттардың 51% аз қамтылған, көпбалалы отбасылардағы жұмыссыздарға бағытталды. Бұл бағытта Жамбыл облысы жылдық жоспарға қол жеткізіп қалды, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласы 80% астам орындауда", — деді Б. Нұрымбетов.
"Жұмыспен қамту жол картасы" бойынша 6 400 жуық жоба іске асырылуда. Жобаларда 154 мың адам жұмыс жасауда. Оның ішінде 73% – ауылдық елді мекендерде, 37% – жұмыссыз жүрген жастар, 17% – кешегі бейресми жұмыспен айналысып жүрген азаматтар және 9% – аз қамтылған отбасылар мүшесі. Құрылыс, және жөндеу жұмыстарына ұлттық кәсіпорындардің кемінде 90% тарту талабы сақталуда.
Ағымдағы жағдайға баға беретін болсақ, жұмысқа тартылған 154 мың адамға 75 млрд жуық қаражат еңбек ақы мақсаттарына жұмсалды, отбасы мүшелерімен қосқанда 600 мыңнан астам адамға табыс көзі қамтамасыз етілді.
Өңірлерді бағалауға келсек, ақпараттық жүйе негізінде мониторинг бойынша Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласы жоспарланған жұмыс орындарына халықты тартуда жоғары көрсеткіштерге ие. Өз кезегінде, Түркістан және Алматы облыстарында жоспарланған жұмыс орындарын ашумен халықты тарту бойынша жұмысты белсендіру қажет.
"Жол картасын" қаржыландыруға тамыз айының жоспары бойынша 240 млрд теңге бөлінді.
Министр мемлекеттік бағдарламалардың әлеуметтік-экономикалық оң әсері жөнінде айтты. Тағы 683 нысан өңірлерде әлеуметтік актив ретінде халыққа қызмет ететін болады. Оның ішінде білім беру саласындағы жаңа 80 құрылыс педагогтерге 10 мың жаңа тұрақты жұмыс орындарын береді. Денсаулық, мәдениет, спорт, туризм саласындағы жаңа 60 құрылыс жобасында 20 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.
"153 су шаруашылығы нысанының құрылысы мен жаңғыртылуы суармалы, жайылымдық жерлердің көлемін едәуір арттырып, ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді деп бағалануда. 400 жуық коммуналдық шаруашылық нысандары, 8 мың км-ден астам калалық, ауылдық жолдар, 900 елді мекенді абаттандыру халықтын өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған", — деді ведомство басшысы.
Жол картасы қаражатын пайдалана, короновирус індетімен күресу бағытында 13 жаңа инфекциялық емхана құрылысы жүргізілетін болады. Өз кезегінде, қосымша 5 мың тұрақты жұмыс орнын ашылады. Жалпы, бағдарлама аясында 100 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны құрылады.
Сонымен қатар, жыл басында әр әкіммен жасалған меморандумдар бойынша өңірлерде биыл 431,5 мың жұмыс орыны құрылуы тиіс. 7 айда 300 207 жұмыс орны құрылған, оның ішінде 149 мыңы – тұрақты жұмыс орындары, 135 мыңы – ауылда. Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау, Қызылорда облыстарда тұрақты жұмыс орындар үлесі 70% артса, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында керісінше, уақытша жұмыс орындарының үлесі басым. Соңғы айларда халықтың Электронды еңбек биржасын қатысу, пайдалу қарқыны жоғарылауда. Жыл басымен салыстырғанда жұмыс берушілер тарапынан ұсынған вакансиялар саны 8,5 есеге өсіп отыр, өз кезегінде, жұмыс іздеп өз резюмелерін жариялаған адамдар саны 8 есеге өскен. Нәтижесінде 7 айда 333 мың адам ЭЕБ арқылы өздеріне жұмыс тапты, оның 57% – тұрақты жұмыс орындары.
"Азаматтар жұмыс іздеу мақсатында жұмыспен қамту орталықтарына да белсенді жүгінуде. Орта есеппен айына 60 мың адам жүгінеді. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу үшін ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендердің саны жыл басынан 8 есе артқан, өз кезегінде, жұмысқа орналастыру көрсеткіші 11 есе артып отыр", — деді Б. Нұрымбетов.
Қосымша, ресми жұмыссыз 50 200 адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмыссыздыққа қатысты арнайы төлем алуда. Оларға 7 айда 5,5 млрд теңге төленді. Сонымен қатар, коронавирусқа қатысты шектеулер салдарынан табыссыз қалған азаматтарға төтенше жағдай кезінде әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы көлемінде 4,6 млн адамға 322 млрд теңге төленген.
Соңғы қатаңдатқан карантиндік шектеулер кезінде 2,3 млн астам адамға 147 млрд теңге төленді. Бұл жұмыстар жалғасуда.