Алда-жалда керек болса. Путин Белоруссияға көмектесу үшін арнайы жасақ әзірлеп қойды

tass.ru
Белоруссияда ресейлік күштерді қолдануға, әзірге қажеттілік жоқ - Путин.

Ресей қажет болған жағдайда Белоруссияға көмектесу үшін құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен іріктеп, арнайы жасақ әзірледі. Бұл туралы Владимир Путиннің өзі мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Экстремистік элементтер Беларусь шекарасын басып өтіп, топалаңды бастамайынша ешқандай күш қолданылмайды", - деді ол.

Ресей президенті "Белоруссияда ресейлік күштерді қолдануға әлі қажеттілік жоқ екенін" баса айтып, оның ары қарай да қажеттілігі болмайтындығына үміт артатынын жеткізді. Ол мұнымен Мәскеу де, Минск те келісетіндігін атап өтті.

360tv.ru хабарлағандай, Ресей президенті Белоруссияның құқық қорғау органдары өзін ұстамды ұстайтынын атап өтті. Оның айтуынша, қазір бұл елдегі жағдай реттеліп келеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

Жасанды бал сатқандарға 20 тамыздан бастап қомақты айыппұл салынады

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі". Еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

ҰБТ-2026: ең жоғары балл, тест тілі және нәтижесі жойылған талапкерлер туралы