Елімізде мұғалім мен оқушылар үшін 990 теңгелік арзан тариф құрылды

Pixabay
Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды.

Қазақстанда оқушылар мен оқытушылар арасындағы байланыс үшін арнайы тариф іске қосылуда, деп хабарлайды zakon.kz.

Тарифтің ай сайынғы абоненттік төлем көлемі 990 теңгені құрайды.

Мұндай тариф қазір бар. Жетекші ұялы байланыс операторлары 990 теңгеге "Bilim" тарифін жасады. Ол оқу жылының басынан бастап қолжетімді болады. (…) Осы тарифті қолданғандардан Kundelik.kz ресурстарына кіріп-шығып, жұмыс істегендерден ешқандай мегабайт алынбайды, - деді "Күнделік" ЖШС бас директоры Мұхтар Ілиясов ОКҚ-да өткен брифингте.

Еске сала кетелік, бірінші рет бұл тариф жайлы бұрынғы цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мәлімдеген еді. Ол бұл тарифтік жоспар мұғалім мен оқушылар арасында шексіз қоңырауларды, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігінің білім ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ететіндігін атап өткен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы