Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жарияланған Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының басым бағыттары нақты белгіленгенін атап өтті. Сондай-ақ отырыс барысында Жоғарғы Палата комитеттерінің құрамы белгіленіп, олардың төрағалары сайланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Атап айтқанда, Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы болып Владимир Волков;
Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып Ольга Перепечина;
Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып Мұхтар Құл-Мұхаммед;
Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің төрағасы болып Дәурен Әділбеков;
Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы болып Мұрат Бақтиярұлы;
Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы болып Әли Бектаев сайланды.
Еске сала кетсек, алдында ҚР Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары болып Нұрлан Әбдіров сайланған болатын.