БЗЖҚ-дан ел жаппай ақшасын шешіп ала бастаса, не болады? Сарапшы ащы шындықты айтты

Ашық дерекөздерден алынды
Әрине,1,4 трлн теңге көлеміндегі қаражаттың бір мезетте жылжымайтын мүлік нарығына құйылуы пәтер бағасын қымбаттатып, тиісінше елдегі инфляцияның өсуіне түрткі болады - сарапшы.

2021 жылы зейнетақы шоттарынан қаражат алуға рұқсат беру туралы Мемлекет басшысының ұсынысы жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне және елдегі инфляциялық процестерге кері әсер етуі мүмкін. Бұл туралы экономист Арман Байғанов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сарапшы атап өткендей, Президенттің 2021 жылы кейбір азаматтарға зейнетақы шоттарындағы ақшасының бір бөлігін пайдалануға рұқсат беру туралы ұсынысы БЖЗҚ басшылығының өз қаражатын тиімді басқаратындығына онша сенбейтін тұрғындар үшін оңтайлы жайт болғаны сөзсіз.

Шенеуніктердің айтуынша, БЖЗҚ-дан шамамен 1,4 триллион қаражат алына алады. Әрине, мүмкіндік беріп тұрғанда халық бірден ақшасын шешіп алып, оны жылжымайтын мүлік сатып алуға немесе ипотекалық несиесін өтеуге жаппай лап қояды. Мәселен, Қазақстанның қаржы инстиуттарындағы барлық ипотекалық портфель 2 трлн теңгені құрайды. Әрине,1,4 трлн теңге көлеміндегі қаражаттың бір мезетте жылжымайтын мүлік нарығына құйылуы пәтер бағасын қымбаттатып, тиісінше елдегі инфляцияның өсуіне түрткі болады, деп жазады экономист.

Оның пікірінше, егер орташа есеппен бір пәтер сатып алуға 14 миллион теңге жұмсалса, онда жалпы 1,4 триллион теңгеге 100 мың тұрғын үйге қосымша сұраныс пайда болады (2019 жылы елімізде 320 мың жылжымайтын мүлік операциялары тіркелген).

- Сонымен қатар, зейнетақы активтері негізінен мемлекеттік компаниялардағы әр түрлі жобаларға салынған, ал үлкен қаражаттың алынуы ұлттық валюта бағамына кері әсерін тигізеді. Мемлекет, қоғам, міне осындай жағымсыз сценарийге дайын болуы керек, - депсөзін түйіндейді Арман Байғанов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін