ҚР Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Тарбағатай ауданының әкімі қызметіне Смаилов Асхат Сайдахметұлы тағайындалды, деп хабарлайды zakon.kz.
Асхат Сайдахметұлы – 1968 жылдың 1-наурызында Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Қызылкесік ауылында дүниеге келген. 1991 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін "экономист" мамандығы бойынша оқып бітірген.
1991-1994 жылдары Семей облысы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің кірістердің түсуіне болжау және экономикалық талдау бойынша аға экономисі, 1994-1996 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің салықтарды болжау бөлімінің меңгерушісі, 1996-1997 жылы Ақсуат аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарған.
Ал, 1997-2002 жылы Тарбағатай аудандық қаржы бөлімі басшысының орынбасары-бюджет бөлімінің басшысы, 2002-2005 жылы Тарбағатай аудандық экономика бөлімінің, Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының қаржы-шаруашылық бөлімінің басшысы, 2005-2007 жылдары Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.
2007 -2009 жылдары Тарбағатай аудандық қаржы бөлімінің, аудандық экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
16.02.2009 -23.12.2009 Көкжыра ауылдық округінің әкімі, 2009-2010 жылы Тарбағатай ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2010-2018 Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары болды.
2018 жылдан бүгінгі күнге дейiн Көкпекті ауданының әкімі болып еңбек етті.