Facebook-тен уақытша шыға тұруға келіскендерге ақы төленіп жатыр

Pixabay
Бірақ Қазақстанда емес, АҚШ-та. Бұл - ондағы президенттік сайлауға байланысты қолға алынған бір амал.

Facebook АҚШ-тағы қараша айындағы президенттік сайлауға бірнеше апта қалғанда әлеуметтік желіні пайдалануды уақытша доғарып, Инстаграмға да кірмейтіндерге ақша ұсынып жатыр, деп хабарлайды zakon.kz New York Post басылымына сілтеме жасап.

Компания әлеуметтік желілердің сайлауға әсері туралы зерттеуге қатысқысы келетіндерге 120 доллар (50,9 мың теңге) ақы ұсынады. Аккаунтты уақытша істен шығару қыркүйектің соңында басталады.

- Бұл зерттеу - стандартты тәжірибе. Зерттеуге қатысуға шешім қабылдаған кез-келген адам өтемақы алады. , деп мәлімдеді өткен аптада Facebook-тің баспасөз хатшысы Лиз Буржуа.

Компания бұл тәжірибеге 200-ден 400 мыңға дейін адам қатысқанын қалайды

Зерттеуге қатысатын әлеуетті топ әлеуметтік желі арқылы таңдалып, оларға шақырту жіберіледі. Зерттеу нәтижелері келесі жылы жарияланады.

- Зерттеу деректерді талдау жөніндегі тәуелсіз мамандар жүргізеді, деп хабарлады Facebook шенеуніктері.

Марк Цукерберг өткен бейсенбіде жалған ақпараттан аулақ болу үшін сайлауға бір апта қалғанда саяси жарнамаларға тыйым салынатынын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Қазақстанда Құрылтай сайлауындағы дауыс беру аяқталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Тоқаев Үкіметке жаңа міндет жүктеді