ШҚО-да Ақжар ауылының ипподромын қайта жөндеу басталды

instagram.com
Ауыл тұрғындарында қалалықтардағы сияқты мүмкіндік болуы керек.

Тарбағатай ауданындағы ипподром жөндеуден өтуде. Таяу арада мұнда заманауи спорт модулі салынады. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

Өздеріңізге белгілі болғандай, Ақжар ауылындағы ипподром жергілікті тұрғындар мен өңірге келген қонақтар үшін маңызды аумақ. Мұна түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылады. Оның ішінде көкпар, бәйге сынды ұлттық спорт түрлері де бар.

Бірақ қыс мезгілінде ипподромның жұмысы тоқтап қалады. Бұл олқылықтың орны Шығыс Қазақстанда толтырылды.

"Бұл спорт нысанын қысқы спорт түрлеріне де ыңғайлы ету қажет. Тұрғындарға шаңғы теуіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру керек. Ол үшін құрылысшылар жобаға түзетулер енгізіп, жылы павильонды қарастыруы тиіс", - деді Даниал Ахметов.

Спорттық модульді салып қана қоймай, тұрғындарға шаңғы теуіп, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беру керек. Жылы павильон бой көтерсе, онда ақжарлықтар жылынып, шай ішіп немесе киімдерін ауыстыра алады.

"Біз осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу үшін қосымша қаржы бөлуге дайынбыз. Ауыл тұрғындарында қалалықтардағы сияқты мүмкіндік болуы керек", - деді ШҚО әкімң Даниал Ахметов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Президент елді тұрақты даму жолына шығара алды – Олжас Бектенов

Ақтөбеде қоқыстан адамның мәйіті табылды

Тоқаев қорғаныс министрінің орынбасарын тағайындады

Әлемде Наурыз мейрамы қалай тойланады?

NASA-ның 600 килограммдық серігі жақында Жерге құлайды