Талдықорғанда мешіттен гүл ұрлаған әйел ұсталды

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Күдікті әйелдің айтуынша, ол гүлдерді өте қатты жақсы көреді екен.

Талдықорған қаласының тәртіп сақшыларына қалалық мешіттің діни қызметкері хабарласып, ыдысқа отырғызылған гүлді белгісіз біреулердің үптеп кеткені туралы айтқан, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға орнына келген жедел уәкілдер қажетті бастапқы тергеу әрекеттерін жүргізіп, бақылау камераларының бейнежазбаларын зерделеген. Жедел топ құрамында болған Талдықорған қалалық ПБ Шығыс ҚПБ учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Ильяс Фурманұлы қызмет көрсетілетін учаскесін жақсы меңгергенін дәлелдеді. Ол қаладағы шағын аудандардың бірінде тұратын 43 жастағы күдіктінің мекенжайын жылдам анықтап, ұстады. Күдіктіден тәркіленген гүлдер мешітке қайтарылды.

Күдікті әйелдің айтуынша, ол гүлдерді өте қатты жақсы көреді екен. Сондықтан, осы құмарлығына қарсы тұра алмай, ыдысқа отырғызылған гүлдерді үптеп кеткен. Тексеру барысында әйелдің бұған дейін заңға қайшы әрекеті анықталған жоқ.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 187-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі