Цой коронавирустың келесі толқынына дайын екендіктерін жария етті

видеодан алынды
Екі ірі емхана КВИ науқастарды қабылдауға маманданып, жаңғыртылып жатыр, 3 640 мобильді топ ұйымдастырылуда, биылғы эпидемиялық маусымда ауруханалар 5 998 өкпеге жасанды жолмен ауа беретін аппаратпен қамсыздандырылады.

Қазақстан коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатыр, деп мәлімдеді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен брифингіде, деп хабарлайды zakon.kz.

- Қазір жағдай тұрақты. Негізгі көрсеткіштер төмендеді. Бірақ біз көрші және әлемнің басқа да елдерін бақылап отырмыз. Италияда, Испанияда, Германияда, Түркияда аурудың күрт өсімі байқалуда. ТМД-да өсім Қазақстанға қарағанда 0,5%-ке жоғары. Сондықтан біз коронавирустың келесі толқынына дайындалып жатырмыз, - деді Цой.

Оның айтуынша, олар қазіргі уақытта бар 71 мыңнан астам төсек-орынға қосымша тағы 10 257-сін әкеліп орналастырмақ.

Ол бүгіндері екі ірі емхана КВИ науқастарды қабылдауға маманданып, жаңғыртылып жатқанын, 3 640 мобильді топ ұйымдастырылғанын, биылғы эпидемиялық маусымда ауруханалар 5 998 өкпеге жасанды жолмен ауа беретін аппаратпен қамсыздандырылатынын айтты.

- Санитарлық көлік қызметі де қайта жарақтандырылып жатыр. 1 167 бірлік көлік қосымша сатып алынады және өңірлерге жеткізіледі. Ауылдық жерлерге көмек қолжетімді болуы үшін 100 жылжымалы медициналық кешен, 53 рентген аппараты шалғай өңірлерге жіберіледі, - деді министр.

Ол сонымен қатар жаңа эпидемиялық маусымда тұмауға қарсы 2 199 990 доза екпе қосымша сатып алынғанын айтты.

- Қазір ол вакциналар аймақтарға барып түсті. 15 қыркүйектен 15 қазанға дейін тұмауға қарсы жаппай екпе жүргізіледі. Кейбір өңірлер бұл жұмысты бастап та кетті. Біз әртүрлі елден және өндіруші компаниялардан КВИ-ге қарсы 5 миллион 580 мың доза вакцина сатып алу мүмкіндігін, оны Қазақстан аумағына жеткізу мәселелерімен де айналысып жатырмыз. Сонымен қатар қазақстандық вакцина мәселесін де қарастырып жатырмыз, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйел адамның дене мүшелері табылды

Ақтауда жасартуға арналған заңсыз екпелерді қолданған медициналық орталық анықталды