Білім министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасын беру орынсыз деп санайды

ShutterStock
Сондықтан балаларға артық салмақ түсірмес үшін біз арнайы нұсқаулық әзірледік.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов қашықтықтан оқыту мен дәстүрлі оқыту форматындағы үй тапсырмасының айырмашылығын түсіндірді, деп хабарлайды zakon.kz.

- Бала дәстүрлі форматта сыныпта, мектепте оқитыны анық, оған сабақ барысында белгілі бір сабақтар беріледі. Ол оларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді, сабақ процесі осылай болып келеді. Содан кейін мектепте өткенді үйде қайталау үшін қосымша тапсырмалар беріледі, - деді Асхат Аймағамбетов ОКҚ-дағы брифингте.

Оның ойынша, қашықтықтан оқыту форматында үй тапсырмасын беру орынсыз, өйткені оқушы онсыз да үйінде өз бетінше оқиды.

- Бала қашықтықтан білім алса, ол онсыз да өз үйінде білім алады. Оған үйден орындайтын оқу тапсырмаларын бөлек, тіпті екі еселеп беру орынсыз. Сондықтан балаларға артық салмақ түсірмес үшін біз арнайы нұсқаулық әзірледік. Біз бұл арада оқу тапсырмасы мен үй тапсырмасы деп бөлуге болмайтындығын айтып жатырмыз, - деп түсіндірді Білім және ғылым министрі.

Бұған дейін Білім және ғылым министрлігі қашықтықтан оқыту кезінде үй тапсырмасының күші жойылатынын мәлімдеген.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты