Ақтауда ер адамды үйінің ауласында атып кетті

Axin.az
Әлеуметтік желіде қылмыс әлемінің серкесі, "Ағайынды төртеу" тобының мүшесін тапсырыспен өлтірілгені туралы ақпарат бірден тарады.

Ақтау қаласының 5-ші шықшамауданының тұрғындары полицияға хабарласып, оқтың дауысы шығып жатқандарын айтқан. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шұғыл жетті, деп хабарлайды zakon.kz.

21 үйдің ауласында атыс болған. Әлеуметтік желіде қылмыс әлемінің серкесі, "Ағайынды төртеу" тобының мүшесін тапсырыспен өлтірілгені туралы ақпарат бірден тарады.

- Маңғыстау облыстық ауруханасына А деген азамат жеткізіліп, ол есін жимастан қайтыс болды, деп хабарлады Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.

Полиция күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған факт Ақтау қалалық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, "Кісі өлтіру" бойынша тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі