Денсаулық сақтау министрлігі Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының жетекшісі Айзат Молдағасимованың мәлімдемесіне қатысты түсініктеме берді. Бұған дейін ол әлеуметтік желіде бұл орталыққа билік қаржы дұрыс бөлмей жатқанын жазған, деп жазады zakon.kz.
6 қыркүйекте Жұматов атындағы гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының жетекшісі Айзат Молдағасимова өзінің Facebook-тегі парақшасында Орталыққа билік құрылымдары тарапынан өте аз көңіл бөлінеді деп жазды: ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, соңғы үш айда үш рет тексеру жүргізілді, ал қызметкерлерге дер кезінде жалақы төленбейді. өйткені оларға келгенде ақша табылмай қалады.
Редакция осы мәселеге қатысты түсінік алу үшін Денсаулық сақтау министрлігіне жүгінді.
Олар соңғы үш жылда (2018-2020) Орталықты бір рет қана тексергенін хабарлады. Аудит жоспарлы түрде қаржы-шаруашылық қызметі мәселесі бойынша жүргізілген. Анықталған заңбұзушылықтар ішкі қызметке қатысты болды. 2020 жылы министрлік тарапынан Орталыққа тексеру жүргізілген жоқ.
- Ғалымдардың жалақыларына келетін болсақ, бұл сома мемлекеттік меншік туралы бапқа сәйкес анықталып, белгіленеді, - деп жауап берді министрліктегілер
Ғимараттың жөнделмеуіне байланысты факті бойынша Денсаулық сақтау министрлігі мынаны хабарлады:
Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы Ұлттық денсаулық сақтау орталығының балансына берілгенге дейін (2010-2012 жж.) ондағы жекелеген ғимараттарда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Зертханалық зерттеу жұмыстарын жүргізетін ғимараттар жөндеуден өтті.
"Денсаулық сақтау министрлігі Молдағасимова жазған мәселелерді шешу үшін қандай шаралар қолданады" деген сұраққа олар келесідей жауап берді:
- Министрлік гигиена және эпидемиология ғылыми орталығының ғылыми әлеуетін қолдау бойынша шаралар қабылдайды.