Марқұм Герольд Бельгердің неміс досы "Достық" орденімен марапатталды

ҚР СІМ
Леонард Кошут 1923 жылы 25 шілдеде дүниеге келген.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлы ойшыл, ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай Қазақстанның Германиядағы Елшісі Дәурен Кәріпов Абай шығармашылығының аудармашысы, кітап авторы, белгілі неміс әдебиеттанушысы Леонард Кошутқа ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыстады, деп хабарлайды zakon.kz.

Жоғары награданы Елшілік ғимаратында салтанатты түрде табыстау кезінде Елші Л.Кошутқа Абай туындыларын неміс тілді оқырмандарға таныстыру арқылы Қазақстан мен Германия арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға жылдар бойы шығармашылық үлес қосқаны үшін алғыс білдірді, делінеді ҚР СІМ таратқан хабарламада.

Л.Кошут 1923 жылы 25 шілдеде дүниеге келген. Оның кәсіби қызметі орыстың классикалық және ХХ ғасырдағы Совет Одағының әдебиет шығармаларын неміс тіліне аударумен байланысты болды.

ҚР-дың ГФР-дағы Елшілігінің "Қазақ кітапханасы" жобасы аясында 2007 жылы Герольд Бельгермен бірге Л.Кошут Абайдың "Қара сөздерін" неміс тіліне аударды, ал 2018 жылы "Zwanzig Gedichte" деп аталатын неміс тіліндегі Абай өлеңдерінің жинағын жариялады.

Сонымен қатар, Л.Кошут Олжас Сүлейменовтің "Көшпенділер азимуты" атты поэзия жинағын неміс тіліне аударған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Аншлаг, ауқымды шоу және төбелес: Астанада KeshYou концерті өтті

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Ұлттық қордан қосымша алынатын 5 трлн теңге неге жұмсалады

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тұрғынның ауласынан 18 келіден астам күміс табылды: ол викингтер дәуіріне тиесілі болып шықты