Маңғыстау облысында екі ақылы жол іске қосылады

ИА Красная Весна
Ақылы жолға халық қаншадан төлейтіні жыл соңында өтетін қоғамдық тыңдауда шешіледі.

Маңғыстау облысында 2021 жылы екі бағытта ақылы жолды іске қосу жоспарланып отыр, деп хабарлайды zakon.kz облыстық қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы Маңғыстау облысы филиалының директоры Айбек Әнуарбековтың мәліметінше, келер жылдан бастап, 661 шақырым жолды ақылы ету жоспарланып отыр.

Оның бірінші бағыты "Ақтау-Бейнеу".

Екінші бағыт "Доссор-Бейнеу – Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы".

Осы бағыт бойынша тек ауыр жүк көліктері ақы төлейді. Көлік дәлізінің тәуліктік қарқындылығы 2500 автокөлік.

"Аталған жолдарда 9 стационарлық пункт болады және 2 клиенттермен жұмыс атқару орталығы болады. 9 стационарлық пунктте фото, видео жүргізіліп, орталыққа жіберілетін болады", - деді Айбек Әнуарбеков.

Бұдан бөлек, 2022 жылы "Жетібай-Жаңаөзен" бағытындағы автокөлік жолы жолаушыларға ақылы қызмет көрсетеді деп жоспарланған. Мамандардың айтуынша, бұл бағыттағы автожол барлық көлік түрлеріне ақылы.

Жыл соңында өтетін қоғамдық тыңдау кезінде ақылы жолдармен жүріп өткені үшін қанша теңге көлемінде ақы төлейтіні белгілі болады.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бельгияда жалпыұлттық ереуіл өтіп жатыр

Көп балалы отбасылар, ипотека, білім: қазақстандықтар салық арқылы ақшаны қалай үнемдей алады

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғандарға салынатын айыппұлдың мән-жайын ІІМ түсіндіріп берді

Көкшетауда кісі өлтірді деген үш күдікті бірден ұсталды

2025 жылдан бастап Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтердің тарифтерін өзгертті