Қостанай облысының әкімі қанша айлық алатынын айтты

24.kz
Ол бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өткізілген "Антикор" тікелей эфирінде сөйлеген сөзінде айтты.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен биыл басталған "Антикор live" акциясы аясында сүқбат берді. Бұл туралы Қостанай облысы ОКҚ-ның Facebook-тегі парашақсында жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Инстаграмдағы парашада Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов осы жылы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен өткізілген "Антикор" тікелей эфирінде сөз алды. Аймақ басшысы "Сыбайлас жемқорлықтан аулақпыз" акциясын қолдап, өзінің жалақысын жария етті. Ол айына 766 мың теңге жалақы алады екен.

Естеріңізге сала кетейік, "Сыбайлас жемқорлықтан аулақпыз - Коррупция не для нас" жалпы республикалық акциясы биыл "Адалдық Алаңы" жобалық кеңсесінің бастамасымен қолға алынған болатын. Қоғам қайраткерлерінің пікірінше, көшбасшылардың белсенді қатысуы, ең алдымен, мемлекеттік органдардың ашықтығы мен жариялылығының кепілі болып табылады және халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттыруға ықпал етеді. Науқан 2020 жылдың 9 желтоқсанына дейін жалғасады. Оның нәтижелері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың халықаралық күнінде арнайы жария етіледі, делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Селин Дион ауыр дерттен кейін сахнаға оралды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді

Әйел Tinder арқылы "киллер" жалдап, бұрынғы сүйіктісін өлтіруге тапсырыс берген