Өлген құсқа төленетін өтемақы мөлшері белгіленді

zanmedia.kz
Тауықтың бағасы - 944 теңге.

СҚО-да құс тұмауынан шығынға батқан тұрғындарға төленетін өтемақы мөлшері белгілі болды, деп хабарлайды zakon.kz "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

Комиссия отырысының шешімі бойынша нарықтағы орташа баға белгіленді. Қазір ветеринарлар ауру өршіп тұрған Бескөл мен Якорь ауылдарында 4 мыңнан астам үй құсын жоюға кірісті. Бірақ жергілікті жұрт бұл шараға қарсы шығып, арнайы топ мамандарын үйге кіргізбей қойған. Дегенмен карантин талабын орындамаған тұрғындарға 55 мың теңге айыппұл салынады. Бүгінде өңірде 29 ауру ошағы анықталған.

Марат Ыбраев, ҚР АШМ Аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының басшысы:

– Тауықтың бағасы 944 теңге және жергілікті тұқымды тауық құны – 1346 теңге. Комиссия бойынша қаздардың бағасы 5321 теңгеге және үйректер 2744 теңгеге бекітілді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты