Президент Жарлығымен Алматы облысының үздік полицейлері марапатталды

Қызметкерлердің мундирі тағы бір "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен толықты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай ел президентінің арнайы марапаттары Алматы облысы Полиция департаментінде қызмет бабында көзге түскен полиция қызметкерлеріне табысталды. Марапаттарды ведомство бастығы полиция генерал-майоры Серік Күдебаев табыс етті, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етуде, еліміздің тәуелсіздігін, Қазақстан қоғамындағы келісім мен тұрақтылықты нығайтуда, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауда қосқан елеулі үлесі үшін және ҚР Конституциясының 25 жылдығына орай Алматы облысы Полиция департаментінің ерекше көзге түскен қызметкерлері марапатталды", - деп атап өтті генерал-майор Серік Күдебаев.

Мерейтойлық медальмен Алматы облысы Полиция департаментінің төмендегі үздік қызметкерлері марапатталды:

- Мендебаев Данияр Әзілханұлы, Полиция департаменті бастығының орынбасары;
- Теряева Людмила Юрьевна, Полиция департаменті Штабының бастығы;
- Теряева Людмила Юрьевна, начальник Штаба Департамента полиции;
- Мұхамедов Қазбек Әділбекұлы, Полиция департаменті Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы;
- Кан Лариса Геннадьевна, Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасы бөлімінің бастығы;
- Чарапиев Руслан Туратбекович, Полиция департаменті Тергеу басқармасы бастығының орынбасары.

"Бүгін тәжірибелі полицейлер ел Президенті Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаевтың марапаттарына ие болды. Енді қызметкерлердің мундирі тағы бір "Қазақстан Конституциясына 25 жыл" мерейтойлық медалімен толықты. Бұл біздің кәсіпқой қызметкерлеріміздің алдына жаңа міндеттер қояды және жас буын полицейлерді ынталандырады", - деп толықтырды генерал Күдебаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: