Денсаулық сақтау министрі еліміздің қатаң карантинге қашан оралуы мүмкін екенін айтты

Getty Images
Ол бұл ретте үш болжаммен бөлісті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда коронавирус инфекциясы індетінің белең алуы бойынша үш сценариді атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Оптимистік болжам бойынша, егер 100% маска режимі сақталып, адамдар әлеуметтік арақашықтық ережелерін естен шығармаған жағдайда қатаң карантин енгізудің қажеті болмайды. Бұл жағдайда қазан-желтоқсан айларында тіркелген аурулардың саны шамамен 40 мың адамды құрайды деп күтіледі, ал 15 мың адам ауруханаға жатқызуды қажет етеді.

Екінші жағдайда, нақты болжаммен маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстау 70% деңгейінде сақталса, онда қазан-желтоқсан айларында болжам бойынша аурулар саны 90 мың адамды құрайды. Ауруханаға жатқызуды 30 мың адам қажет етеді. Ондайда қатаң карантинге қаңтарда кқшуіміз мүмкін.

Пессимистік болжамға келсек, егер маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты ұстану 60% деңгейінде қамтамасыз етілсе, онда қазан-желтоқсан айларында тіркелген жағдайлардың саны шамамен 190 мың адамды құрайды. Ауруханаға жатқызуды 65 мың адам қажет етеді. Мұндайда карантин желтоқсан айының ортасында енгізіліп кетуі ғажап емес.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Тікұшақ Қырғызстан тауларынан екі альпинистің мәйітін түсірді: үшіншісінің жағдайы қандай

Қазақстандық таеквондошы Қытайдағы халықаралық турнирде қола медаль иеленді

2026 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

"Экономикадағы әрбір алтыншы теңге көзден таса қалуда". Сарапшы экономиканың бақыланбайтын тұстарын атады

"Құдаласып, киіт кигізу". Желіде қазақтың дәстүрлі сый-кәдесі қызу талқыға түсіп жатыр