Талдықорғанда жас кадеттер жаяу жүргіншілер аймағын патрульдеп жүр

"Абайлаңыз, балалар жолда!" айлығы басталды.

Жол жүру ережесіне немқұрайлы қарайтын жаяу жүргіншілермен мақсатты жұмысты полиция қызметкерлерімен бірге кадет сыныптарының оқушылары да жүргізуде. Кәмелетке толмағандардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында Талдықорған қалалық ПБ-ның полиция қызметкерлері № 14 орта мектеп-гимназиясының кадеттерімен бірге "Абайлаңыз, балалар жолда!" айлығын бастады, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жасыратыны жоқ, автокөлік паркі Талдықорған көшелеріндегі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін айтарлықтай ушықтырды. Жол-көлік оқиғасы кезінде алынатын жарақаттар ерекше алаңдаушылық туғызады, әсіресе балалар арасындағы. Осыған байланысты біз жол қауіпсіздігі айлығын бастадық. Акция барысында құқық қорғау органдарының жас көмекшілері жаяу жүргіншілер мен өз қатарластарына көшені қалай дұрыс кесіп өту керектігін, бағдаршамды қалай пайдалану және көшеде өзін қалай ұстау керектігін түсіндіреді", - дейді Талдықорған қалалық ПБ бастығы полиция полковнигі Асқар Нұрсапа.

Полиция жол-көлік оқиғаларын, оның ішінде балалардың қатысуымен болатын ЖКО-сын азайту мақсатында барлық күш-жігерлерін салуда.

"Алайда, бұл шаралар балаға жолда жүру ережелерін үйретуде қоғамның және ата-аналардың қатысуынсыз жеткілікті бола бермейді. Осыған байланысты біз қаланың барлық тұрғындары мен қонақтарын көшелерден өту кезінде сақ болуға және жол жүру ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деп толықтырды полковник Нұрсапа.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: