Алматыда ауылшаруашылығы өнімдерінің ірі жәрмеңкесі өтеді

sovetov.su
Азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы орташа деңгейден 10-15% -ға төмен болады.

Алматыда 2020 жылдың 10-11 қазанында ағымдағы жылы алғаш рет кеңейтілген жәрмеңке өтеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Жаңа маусымды ашуға Талдықорған, Қапшағай, Текелі қалалары және Алматы облысының 17 ауданының ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері келеді, сонымен қатар, жәрмеңкеге "Жетісу" ӘКК "ҰК" АҚ да қатысады.

Жәрмеңкеге қатысты шаралар қаланың бірден екі ауданында таңғы сағат 8.00-ден кешкі сағат 17.00-ге дейін өтеді: "Астана" алаңында (Абылай хан даңғылынан Н.Назарбаев даңғылына дейін) және "Алатау" концерт залы аумағында (Нұркент ықшамауданы, 6).

Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына жалпы көлемі 400 тоннадан асатын 50-ден астам өнім түрлері ұсынылады, олар:

• ет өнімдері - 60 тонна,
• жемістер мен көкөністер - 180 тонна,
• сүт өнімдері - 21 тонна,
• балық өнімдері - 16,2 тонна,
• басқа өнімдер - 126 тонна.

Азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтағы орташа деңгейден 10-15% -ға төмен болады.

Еске салсақ, кеңейтілген ауылшаруашылық жәрмеңкелері азаматтарды қолжетімді баға бойынша сапалы және әртүрлі өнімдермен қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.

Алматыда жақын күндері Жамбыл мен Түркістан облыстарының қатысуымен осындай шаралар өткізу жоспарлануда.

Шаралар өтетін нысандарда санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды, оның ішінде "маскалық" режимді, қол гигиенасын (қолғаптар, антисептиктер) және әлеуметтік қашықтықты берік ұстану қатаң талап етіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты