ӨКМ Операторы ескі жүк көліктерін де қабылдайтын болды

Depositphotos
Қазақстанда жүк көліктерін тапсыратындарға ақшалай өтемақы беріледі.

12 қазаннан бастап ӨКМ Операторы Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігінің келісімімен ескі көліктерді қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасына өзгеріс енгізілді. Бұдан былай тозығы жеткен жүк және жолаушылар көлігін тапсыратындарға да ақшалай өтемақы беріледі, деп хабарлайды zakon.kz.

Берілетін ақша тапсырылатын көліктердің санатына байланысты айлық есептік көрсеткіш (АЕК) бойынша бағаланады. Айталық М2, N1 (салмағы 1,3 тоннадан кем көлік құралын қоспағанда) және N2 санатындағы көлік құралдарына 144 АЕК (400 032 теңге) беріледі. Осы санаттағы толық емес жиынтықтағы көліктерге 126 АЕК (350 028 теңге) төленеді. Ауыр салмақтағы жүк көліктері (М3, N3 санаты) 600 мың теңгеден (216 АЕК) 550 мың теңгеге (198 АЕК) дейін бағаланады.

Көлік тапсырғандарға 2 күн ішінде банктағы шотына ақша аударылады. Айта кету керек көлікті жеңілдік сертификатына алмастыру бағдарламасы уақытша тоқтатылады.

Естеріңізге салайық істен шыққан көлік құралдырын қайта өңдеуге қабылдау бағдарламысы іске қосылғаннан бері Қазақстан бойынша 150 мыңға жуық көлік жоюға тапсырылды. Оның ішінде 2596 дана орташа тонналық техника, 600-ге жуық ауыр салмақтағы көлік құралдары бар. Қабылданған барлық машина Қарағандыдағы ескі көліктерді қайта өңдейтін зауытқа жіберіледі.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты