Қазақстанда 9 айда 78 млн тонна көмір өндірді

factum.kz
Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ.

Еліміздің көмір өндіруші компаниялары 2020 жылдың 9 айында 78 млн тонна көмір өндірді (көмір концентратын есептемегенде), бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 99%-ды құрайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Еліміздің энергия өндіруші кәсіпорындарына 42 млн тонна, өнеркәсіп кәсіпорындарына 4,2 млн тонна, коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктерге және халыққа 6,3 млн тонна көмір жөнелтілді.

2020-2021 жылдардағы кезеңде коммуналдық-тұрмыстық қажеттіліктер және халық үшін көмір өнімі қажеттілігінің қалыптасқан жоспарына сәйкес тұтыну көлемі шамамен 10 млн тоннаны құрады, оның ішінде коммуналдық-тұрмыстық секторға шамамен 2,8 млн тонна, тұрғындар – 7,2 млн тонна болады.

2020 жылғы 19 қазандағы жағдай бойынша көмірмен қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 84%-ды, халықты 76%-ды құрайды. Өткен жылыту маусымының осы кезеңінде қамтамасыз етушілік коммуналдық-тұрмыстық секторды 73%-ды, халықты 69%-ды құрады.

Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен толық қамтамасыз етті.

Барлық аймақтарда көмір қоры дайындалған, көмірге тапшылық жоқ. Өңірлер көмірді жеткізуді кестеге сәйкес жеткізіп жатыр.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады