Тоқаев Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды

Ақорда
Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар депутаттардың ұсынысын қолдады. Қолданыстағы заңнама Қазақстан туының қолданысын белгілі бір деңгейде шектейді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын", деп жазды Президент Твиттердегі парақшасында.

Қолданыстағы заңнамада туымызды пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ілуге тыйым салынған.

"Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет", деп жазды Тоқаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

ДСМ жүргізушілерді медициналық куәландырудан өткізу тәртібіне өзгерістер енгізетін болды

Ол тастап кетті: Мөлдір Әуелбекова күйеуінен ажырасқанын мойындады

Қазақстандық ұстаз әлемнің үздік тревел-блогері атағына ие болды