Нұр-Сұлтан соты "заңсыз ағза ауыстырған" екі дәрігерді ақтап шықты

almaty.tv
Іс жеті ай бойы жабық режимде қаралған.

2 қарашада Нұр-Сұлтандағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық мамандандырылған соты "заңсыз ағза ауыстырды" деп айыпталған дәрігер-трансплантолог Ғани Құттымұратов пен Шымкент қалалық №1 клиникалық аурухананың бас дәрігері Абылай Донбайды ақтады, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Іс жеті ай бойы жабық режимде қаралды.

"Трансплантация жасаған дәрігерлер құжаттардың жалған екенін білмеген. Барлық операция ресми түрде рәсімделген құжаттармен жасалған" деп хабарлады сот.

Қазақстан ІІМ бір жыл бұрын Донбай өзі басқарған ауруханада Өзбекстан, Қырғызстан және Украина азаматтарының бүйрегін алып, Израиль азаматтарына заңсыз салған деген күдікпен ұсталғанын хабарлаған.

2 қарашадағы сотта судья Құттымұратовты "кәсіби міндетін дұрыс атқармады" деп айыптап, екі жарым жылға түрмеге қамады. Соттың хабарлауынша, Құттымұратов ағза ауыстырғанда науқастардың біріне "ВИЧ жұққан".

Осы іс бойынша тағы бір күдікті Қырғызстан азаматы Бермет Тайсалова алты жылға бас бостандығынан айырылды. Ол "адам ағзасын заңсыз алуға итермеледі" және "жалған құжат жасады" деп айыпталды.

Тергеудің дерегінше, Тайсалова 2017 жәге 2018 жылы халықаралық іздеуде жүрген адамдарға Қазақстанда орган алмастыру бойынша заңсыз келісімдер жасауға көмектескен.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді