Панфилов ауданында полицейлер тұрғындарға тегін бетперде таратты

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Тұрғындар тәртіп сақшыларының игі шарасын жылы қарсы алды.

Санитарлық сақтық шараларын ескерткен Паyфилов ауданының полицейлері тұрғындарға 1000 медициналық бетперде таратты, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елімізде коронавирус індетін жұқтырғандар саны артуына байланысты Панфилов ауданының тәртіп сақшылары аудан орталығындағы қоғамдық орындарда тұрғындар арасында санитарлық сақтық шаралары мен тәжтажалдан қорғану тәсілдері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұрғындардың денсаулығын сақтау мақсатында оларға медициналық бетперделер тегін таратылды.

"Коронавирус індетіне шалдыққандар көбейіп жатқанын дүйім жұрт біледі. Дегенмен, кейбір тұрғындар сақтық шараларына салғырт қарайтыны белгілі. Сондықтан, біз бүгін қоғамдық орындарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бетперде тағудың қажеттілігі туралы ескерттік. "Бетперде тағып жүріңіз! Өзіңіздің де, өзгенің де денсаулығын сақтаңыз!" деген қағидатпен тұрғындарға 1000 бетперде табыстадық", - деді Панфилов ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары полиция подполковнигі Жамбыл Бакетов.

Тұрғындар тәртіп сақшыларының игі шарасын жылы қарсы алды. Халық денсаулығын ойлаған полицейлердің жұмысына ризашылықтарын білдіріп, қызметкерлерге алғыс-тілектерін айтты.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды