Дания билігі күзендерді қырып тастамақ

ilike.pet
Вирус 12 адамға жануардан жұққан.

Адамдарға мутацияланған SARS-CoV-2 коронавирусын жұқтыру жағдайлары анықталғаннан кейін, Дания билігі елдегі аң өсіру фермаларындағы барлық күзендерді жоюға бұйрық берді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады, деп жазады kursiv.kz.

Данияның премьер-министрі Метт Фредериксен, күзендерден анықталған мутацияланған COVID-19 адамдарға жұғатындығын және антидене түзу қабілетін төмендететінін атап өтті. Сонымен қатар, бұл мутация коронавирусқа қарсы вакцина жасау үшін кедергі болып табылады.

Елде вирустың жануарлардан адамға жұғуының 12 жағдайы анықталған. Дания билігінің айтуынша, мутацияланған SARS-CoV-2 жұқтырған жануарлар 200-ден астам аң өсіру фермаларында анықталған.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Арапа күні не істеу керек: оқылатын дұғалар мен жасалатын амалдар

Құрбан айт-2026: Қазақстанда мал бағасы өсіп барады

Қазақстан Кенияға ЖИ және цифрландыру саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды

Құрбан айт-2026: мереке қарсаңында қой бағасы қанша?

Қазақстанда ауқымды полицейлік іс-шаралар жүргізілуде: алғашқы күндердің нәтижесі белгілі болды